Көлік шинасын ауыстырмағандарға айыппұл салынады – полиция ескерту жасады

Шығыс Қазақстан облысының полициясы қыс айларында жазғы шинамен жүргендерге айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Кеден одағының техникалық регламенті бойынша қыста (желтоқсан, қаңтар мен ақпан айларында) қысқы шина салынбаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуға тиіс. Оның арнайы таңбасы M S” белгісі болады. Қысқы шинада бүртабан (шип) болған жағдайда көліктің артқы терезесіне белгі қою қажет. Қыста жазғы шинамен жүргендер 15 900 теңге көлемінде айыппұл төлейді.