Ақтөбе облысы Полиция департаменті жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан лаңкестік әрекетке қатысушылар мен жараланған қауіпсіздік қызметкерлері туралы мәліметтерді жариялады. Ведомство қаңтар оқиғасының хронологиясын да айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 25 полиция қызметкері мен 3 әскери қызметші дене жарақатын алып, зардап шекті, 7 қызметтік көлік, 300-ден астам арнайы техника мен жеке қорғаныс құралдары зақымданды. Жедел жәрдем көлігі тоналды. Шерушілер өрт сөндіру көлігін басып алмақ болғанда өртті сөндіруге келген қызметкерлер соққыға жығылған. Әкімдік ғимаратына кіріп кеткен қылмыскерлер арнайы күзет қызметкерінің қызметтік қаруын тартып алған.