Дәрігерлер Алматыдағы кардиология орталығын қалай қорғағандарын айтты

Лаңкестік шабуыл кезінде 5 қаңтарда қарулы топ мекемені басып алып, қызметкерлерді өз жағына тартуға тырысқан. Бірақ дәрігерлер лаңкестермен келіссөз жүргізіп, олардың жараланған серіктестеріне көмектесе алатындарын айтқан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Орталықта 130-дан аса науқас болған, ал кейбіреулері жоспарлы операцияны күтіп жатқан. “Түнге жақын аурухана аумағына номерсіз бірнеше автокөлік кірді. Барлығы қаруланған. Жаралыларға медициналық көмек көрсетуді талап етті. Дәрігерлерге қысым жасады. Өздерімен бірге жедел жәрдем құралдарын алып кеткісі келді”, – дейді қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев. Ғимаратта болған атыс 5-6 қаңтарға дейін созылды. Дәрігерлер жұмыс істеп, науқастарға күтім жасауды жалғастырған. Қазір кардиология орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.