Ақтөбелік ата-аналар әлеуметтік желіде дабыл қақты

Айтуларынша, алтыншы сыныптың ZOOM-дағы онлайн сабағы үстінде порно жазбалар пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қалалық білім бөлімі оқиғаның растығына тексеріс жүргізіп жатыр. “Ақтөбе” деп жазылғанымен қала немесе аудан екені әзірге белгісіз.

Мектепке немесе білім басқармасына ұстаздардан, ата-аналардан ескерту әзірге түскен жоқ. Желідегі жазбада балалардың аты жазылған. Бірақ тек баланың атымен табу мүмкін емес. Әзірге анықтау, іздестіру жұмыстары жүруде. Қосымша ақпарат хабарланады”,– дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева.