Қаңтар оқиғасына байланысты Арман Жұмагелдиев (лақап аты “Дикий Арман”) пен Қайрат Құдайбергеннің үстінен қозғалған қылмыстық іс Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті. Сот актілері базасындағы мәліметке қарағанда, істі судья Асхат Әшірбеков қарайды. Бұл істе Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннен басқа 40-қа жуық күдікті бар. Іс сотқа 4 қыркүйекте түскен. Сот отырысы қашан басталатыны әзірге айтылмады.