АЭС бойынша референдумға жұмсалатын шығын 16 млрд теңгеден аспайды – министр

Атом электр станциясын салу не салмау мәселесі бойынша өтетін референдумға былтырғы референдумға бөлінген қаражаттан аз ақша бөлінеді. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінген. “Мүмкін, басқаша әдістер қолданылар. Сол себепті ондай үлкен қаражат кетеді деп ойламаймын. Аз болуы керек”, – деп жауап берді Жамаубаев. Атом электр станциясын салу мәселесі шығарылатын референдумның нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз.