Алматы облысында “жұртшылықпен кездесу” кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына тоқталып, оқиғадан “сабақ алу керек”, “бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ” деп мәлімдеді. “Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді. Жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап береді. Қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады” деді Тоқаев. Ол өз сөзінде “белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жариялағанын” айтты.