Қазақ тілін саяси ойындарға қолдануға болмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін саяси ойындарға пайдалануға жол берілмейтінін мәлімдеді. “Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ. Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты. Мемлекет қазақ тілін қолдау үшін тиісті шаралар қолданып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз. Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Бұл – өте дұрыс. Бірақ, өзге тілден бас тартуға болмайды. “Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін” деген сөз бар. Біз тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз”, – деп толықтырды Мемлекет басшысы.