Қаңтар оқиғасында ауыр жараланған қауіпсіздік қызметкерлеріне 3 миллион теңгеден берілді

Бұл туралы “Қазақстан халқына” қорының баспасөз қызметі хабарлады. Тізімді қорға ведомстволардың өздері берген. Бұған дейін қор қайтыс болған 19 адамның отбасы мүшелеріне 7 миллион теңгеден және құқық қорғау органдарының 106 ауыр жарақат алған қызметкеріне 3 миллион теңгеден берген болатын.