Талғар тұрғындары қаланың жаңа әкімін сайлады

Сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков Талғар қаласының әкімі болды. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүкіл сайлаушылардың 23,77% дауыс берген. Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты. Қосымша ақпар, 32 жастағы Бақыт Күрішбеков Талғар қаласының тумасы. Мамандығы – экономист. Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген.