Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Ол тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін мәлімдеді. “Бүгінде нақты шешім бар. 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі”, – деді премьер-министрдің орынбасары мәжіліс отырысында. Қаралы қаңтарда күш құрылымдарының 19 қызметкері қаза тапты. Оның ішінде шекара академиясының үш курсанты бар.