Елімізде алдағы үш күнде қар жауады

Сәуір айының 7- 9 аралығында республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Бұл атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты болып отыр. Алдағы үш тәулікте, қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте найзағай мен жаңбыр, оңтүстікте, елдің орталығы мен шығысында – жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады. Еліміздің солтүстік жартысына батыс антициклоны әсер етеді.