Ұйымдастырушыға полицейді итеріп жібергені үшін “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 10 тәулікке қамауға алынды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлімдеді. Айта кетейік, 16 шілдеде Ақтауда халықаралық турнир өтіп, оған UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қонақ ретінде қатысты.