Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан экстремистік ұйымының үш өкілі сотталды

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке Қазақстанда тыйым салынған “ҚДТ”/”Көше” экстремистік ұйымының жақтастары белсене қатысқан. “Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға шақырып қана қоймай, қалалық әкімдік ғимаратына өздері шабуыл жасап, бұзақылық және мемлекет мүлкін бүлдіруге қатысқан”, – деді Елдос Қилымжанов. Ұрланған атыс қаруын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.