Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: басты күдікті өмір бойына сотталды

Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: басты күдікті өмір бойына сотталды
Ақтауда апелляциялық сот жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Апелляциялық сот басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұған дейін бірінші инстанция оны 20 жылға бас бостандығынан айырған еді. Тағы бір айыпталушы 16 жылға сотталды, қалғандары 13 жыл 6 ай және 13 жыл жаза алды. Бірінші инстанция соты оларды 8,5 жылға бас бостандығынан айырған. Еске салайық, 2024 жылғы мамырда Ақтауда сұмдық қылмыс болды. Бес ер адам 29 жастағы спортшы қызды ұрлап, соққыға жығып, зорлап, суицид жасауға дейін жеткізген.