Елімізде заңға қайшы контент көлемі екі есе өскен — Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілері мен желі қолданушыларына үндеу жолдады. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқыланып жатыр. Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады. Министр осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырды.