Ағылшын соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеуді алып тастады. Бұл туралы “Верный Капитал” компаниясының тобында айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz . “Болат Өтемұратов пен БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды, оған сәйкес банк өзінің талап-арызын қайтарып алуға міндеттелді”, – деді “Верный капитал” өкілдері. Мұндай келісімге БТА банкінен ақша ұрлау ісіне Болат Өтемұратов және онымен байланысты адамдар мен компаниялардың қатысы жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынуы негіз болды.