Алматыда жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді

Алматыда жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Өйткені бұл күні сауда нысандарында санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Ал жұмыс күндері және сенбіде сауда орталықтарының жұмысы сағат кешкі беске дейін шектеледі. Қоса кетсек, елордада сауда ойын-сауық орталықтары тәулік бойы жұмыс істеуге көшуі мүмкін. Көлгінов бұл мәселені жауапты мамандармен бірге қарастыратынын айтты.