Бұл туралы автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков хабарлады. Бүгінде елде 2200 шақырым ақылы жол бар. Бұдан былай республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде орнатылған камералар жылдамдық шегін анықтайтын болады. Қазірдің өзінде камералар Астана-Бурабай тасжолында жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілерді тіркеп үлгерген.