Әскери прокурорлар Алматыда құны 6 миллиард теңге тең жер телімін мемлекетке қайтарды

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. 2014 жылы Медеу ауданындағы жер учаскесі “Достық строй” құрылыс компаниясы” ЖШС-нің меншігіне өткен. “Алайда бұл учаске 7 жылдан аса уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген”, – делінген хабарламада. Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.