Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына баспана беріледі.

Несиелері кешіріледі. Қаза болғандардың отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі: отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы; қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету; БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.