Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың мәйіті жер қойнына тапсырыла бастады.

Орман шаруашылығында 30 жыл еңбек еткен марқұм 51 жастағы Саят Нұржігітовтың артында үш баласы жетім қалды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Мейрамгүл Жиенбаева да өртті сөндіремін деп мерт болды. Оның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жастағы қызы қалды. Ұлы анасына “Оралшы, мама” деп желіде жан тебірентер жазбалар жариялаған. Тірідей жанып кеткен орманшылардың жетеуі – Успенка ауылының тұрғындары. Әп-сәтте қара жамылған мұндағы халық ертең әкелі-балалы Сидориндарды ақтық сапарға шығарып салады. Бір үйден екі адам жанып кеткен. “Семей орманы” резерваты филиалының қызметкері Алмагүл Жұмағазықызы Орманшылар өртке қарсы техника тұрмақ, қызмет киіміне де жарымаған. Ал жалақысы 100 мың теңгеге де жетпейтінін айтты.