Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді. “Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, дегенмен қауіпсіздік мақсатында 277 адам өз бетінше туыстарына көшірілді. Тонаулардың алдын алу үшін эвакуациялау кезінде 20 полиция қызметкері кезекшілік етті. Төтенше жағдайда эвакуациялау үшін үш пункт дайындалды, онда 331 орын бар. Орман өртін сөндіру жалғасып жатыр әрі бақылауда”, – деді Нұрлан Ұранхаев. Айта кетейік, Абай ауданындағы орман өрті осыдан үш күн бұрын шықты. Қазірдің өзінде өрт 3500 гектар жерді шарпып үлгерді.