Қазақстанда мектеп бітірушілер кеші өтетін мезгіл белгілі болды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл 3,7 миллион оқушы мектеп бітіретінін айтты. “11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек “Алтын белгіге” үміткер”, – деді министр Үкімет отырысында. Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған. “Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл маусымның 20-22 аралығында өтеді”, – деді министр.