Бұрын бір жерден басқарылған екі аймақ енді өз еншілерін алып, шекарасын шегендеп көрші облыстарға айналды, деп хабарлайды «Хабар 24». Абай облысында 638 мыңнан астам адам тұрса, Шығыс Қазақстанда 717 мыңнан асады. Аумақ жағынан Абай облысы ауқымды.185 мың шаршы шақырым. Абай облысының территориясында бір жазда миллионнан астам турист демалатын Алакөл, өндірістік қарқыны мықты Ақтоғай, Бақыршық, Жезкент кен орындары кіреді.