Жандос Өмірәлиев бас прокурор орынбасары болып тағайындалды

Ол еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісінен бастап, осы салада үздіксіз 18 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Ақтөбе облысы прокуратурасы және Батыс аймақтық көлік прокуратурасында басшы лауазымдарын атқарған. Ол “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталған. Бұған дейін бас прокурор орынбасары қызметін Ерлік Кененбаев атқарған еді.