Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қараша айының екінші жартысында еліміздегі мектептерде республикалық тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Отырыс барысында министр 58-ші мектепте болған оқиғаны еске түсірді. Қазан айының басында коронавирус вакцинасына қарсы белсенді Айна Бакеева мен оның серіктестері мектепке кіріп, жанжал шығарған. “Біз осындай жағдайлар үшін күзет қоюға арнайы тапсырма бердік. Болған жағдай мәселенің толық шешілмегенін көрсетті. Сондықтан қарашаның екінші жартысында қосымша республикалық тексеріс жүргізіледі. Қажетті уақыт берілді, қаражат бөлінді, проблеманы шешуге мүмкіндік бар. Тағы да қайталаймын, ең маңызды мәселе – балалардың қауіпсіздігі”, – деді министр.