Айына – 5 мың теңге: елордада арзан пәтерге өтінім қабылдау басталады

Нұр-Сұлтанда 4 қарашадан бастап жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге өтінім қабылдау басталады. Құжаттарды 4 қараша 9:00-ден бастап 11 қараша 23:59-ға дейін тапсыруға болады. Жұмыс істейтін жастарға арендалық баспана тек 5 жылға беріледі. Пәтерді ай сайын жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге. Құжат тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.