“Қайрат” футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Оған “Қайрат” Еуропа лигасымен қоштасуы себеп. Кирилл Кекер Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі “Алашкертке” қарсы қарымта кездесуді қорытындылады. Еревандағы кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды – 2:2, ал қосымша уақытта алаң иелері жеңісті жұлып әкетті – 3:2. “Қайрат” сапынан Денис Поляков пен Айбол Әбікен алаңнан қуылып, алматылықтар матчті тоғыз ойыншымен аяқтады. “Өкінішке қарай, біз өзімізге қолайлы нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты мен бас бапкер қызметінен кетуге шешім шығардым. Клубқа маған сеніп артып, негізгі құрамның бас бапкері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын”, – деді Кекер. Енді бас бапкер міндетін Артем Гавриленко атқарады.