Ақтауда 12 жастағы бала қайтыс болды

Ақтауда 12 жастағы бала қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша оның жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы “Лада” басылымы хабарлайды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде куәгерлер 3-ықшамауданда далада ес-түссіз жатқан 12 жастағы баланы тауып алғаны туралы жазған. Олардың айтуынша, жедел жәрдемді 40 минут күткен. Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Ширшикбаев: дәрігерлер келген кезде баланың жүрегі тоқтап қалған. Бірақ соған қарамастан фельдшер балаға жарты сағаттай жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді”, – деді