Қаржы пирамидаларына қарсы тұруға бағытталған заң жобасында осындай норма қарастырылған. Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деп мәлімдеді. “Өңірлерде қаржы пирамидалары үлкен проблема боп тұр. Өйткені олардың схемасын танымал вайнерлер, әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары жарнамалайды. Жұрт соған сеніп, соңғы ақшасын апарып салады. Нәтижесін көріп отырмыз”, – деді Қошанов. Айта кетейік, биыл 10 ақпанда вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген болатын.