Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заң күшін жояды

Ол үшін Конституцияға түзетулер енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді. “Түзетулер енгізілген соң Елбасы мәртебесі алып тасталады. Конституцияда Назарбаевтың мемлекеттің негізін қалаушы ретінде ролі қалады”, – деді Қошанов мәжіліс кулуарында журналистерге.