Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан. Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалған. 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.