Қарағанды облысында “карантин кезінде той жасаған” шенеунік қызметінен қуылды

Қарағанды облысында карантин кезінде той жасағаны үшін шенеунік қызметінен қуылды. Облыс әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі Қалел Мақсұтов карантин режимін бұзғаны үшін қызметінен кеткен. “Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормалары бұзылған” деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысында. Әкімдіктің хабарлауынша, ғимарат ішінде шамамен 400 адам болған. СЭС өкілдері хаттама толтырған. Ғимарат иесі мен шара ұйымастырушыларға айыппұл салынады.