Ауырғандар саны көп болатын кезең наурыздың соңында болуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. . Оптимистік сценарий бойынша, күніне коронавирус жұқтырған үш мың адам тіркеліп, ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Ал пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтан коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда 45 мыңға дейін артық төсек-орын дайындалады. Бұл жағдайда карантин шаралары қатаңдауы мүмкін. Болжам бойынша, 2 миллион адамға вакцина салынған жағдайда алғашқы жартыжылдықта вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға дейін азаяды. Бірінші кезеңдегі вакцинация иммунитет қалыптастыру үшін керек және бір мезетте бірнеше адамға вакцина салу мүмкін емес. Кейіннен вакцинацияның әсері болып, елдегі эпиджағдайдың тұрақтануына әсер етеді”, – деді министр.