Тоқаев денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне қатысты бірқатар тапсырма берді

“Бұл мәселе бойынша тек денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің барлығы мына жайды ескеруі тиіс: жалпыға ортақ вакцинация – өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарға вакцина егудің пысықталған, жан-жақты ойластырылған жоспары керек”, – деді президент. Қасым-Жомарт Тоқаев дүрбелең болмас үшін бұл салада ескеретін өте көп ньюанс бар екенін ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оның сөзінше, вакцинация эпидемиологиялық жағдайды түзеуі тиіс. Сол себепті мемлекет басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыс көп екенін жасырмады.