Ресей түрмесінде 31 наурыздан бері аштық ұстап жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный түрмеден ауруханаға ауыстырылады. Бұл туралы Ресей федералдық қылмысты орындау қызметінің (ФСИН) Владимир облысы бойынша басқармасы хабарлады. Оппозиционер ауыстырылады делінген аурухана Владимир облысындағы ИК-3 колониясында орналасқан. ФСИН Навальныйдың денсаулығын орташа деп бағалайды. Хабарламада оппозиционерге өзінің келісімімен витаминдік терапия тағайындалғаны жазылған. Осыған дейін Навальныйды емдеген дәрігерлер оның қан анализінің қорытындысын жариялаған. Олар оппозиционердің халі өте мүшкіл екенін айтқан. Дәрігер Анастасия Васильева Навальныйдың жүрегі тоқтап қалуы мүмкін екенін де ескерткен.