Оқиға “Жетісу” бекетінде болған. «”Тағамға биологиялық белсенді қоспа” деген атпен таза салмағы 356 келіге тең 54 449 дана дайын дәрілік заттардың партиясын елге кіргізуге тырысқан Кедендік сараптама нәтижесінде тауар “дәрілік зат” екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған. Тауардың кедендік құны 43,4 миллион теңге, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгеге тең. Материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», – деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.