Бензин мен дизель отынына қатысты энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енді

Десе де, Алматы мен Астанада олардың бағасы бұрынғысынша қалды. Мегаполистегі жанармай құю станцияларында жанармай бағасы мынадай:
АИ-92 – литріне 182 теңге;
АИ-95 – 217 теңге;
АИ-98 – 235 теңге;
Дизель отыны литріне 230 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 12 сәуірде Энергетика министрлігінің Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасы туралы бұйрығы күшіне енген болатын. Құжатқа сәйкес шекті бағалар: АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін литріне 205 теңгеге дейін; дизель отынына литріне 295 теңгеге дейін деп белгіленген.