Алматы әкімі Ерболат Досаев ескі панельді үйлерді бұзуға қатысты ұстанымын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өкінішке орай, панельді үйлерді жаңарту мүмкін емес, өз кезінде АДК (Алматы үй құрылысы комбинаты) салған, бұл үйлер тарих, бірақ оларды бұзу керек деп ойлаймын. Өйткені 25 жылдан астам уақыт бойы біз өскен ықшамаудандардағы панельді үйлер ұзаққа төтеп бере алмайды. Қала жаңартылады, тарихи келбетін сақтаймыз, бірақ жаңарту бағдарламасы, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту толығымен жүзеге асады”, – деді Алматы әкімі.