Елде 5G желісі биыл іске қосылады

Елдегі ірі мегополистер жыл соңына дейін 5-ші буынды байланыс желілерімен қамтылады. Қазір операторлар жылдам интернеттің инфрақұрылымын дайындап жатыр. Жалпы, 5 джи интернетін барлық өңірдің орталықтарында қосу жоспарда бар. Бұл жұмыстар 2027 жылға дейін жалғасады. Сондай-ақ, «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының аясында 3 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендерге оптикалық желі тартылады. Қазіргі таңда 5 мыңға жуық ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылған. Енді мақсат – мұндағы 3G-дің орнына 4-ші буынды байланысты қосу.