“Құрылыс салушының өзі рұқсатты қайтарып алды, бірақ сол уақытта құрылысты бастап кеткен. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, алдын ала рұқсаттары, оның ішінде мемлекеттік сараптамасы жоқ нысандар рұқсат етілмеген құрылыс нысандарына жатқызылады. Сондықтан, Әкімшілік кодекс бойынша бұзу мәселесі қаралды. Сот тиісті шешім шығарды”, – деді қала құрылысы және урбанистика бөлімінің басшысы Алмасхан Ахмеджанов. Ол сәулет-жоспарлау тапсырмасы бір ғимарат салуға берілгенін айтты. Осы ретте, Ерболат Досаев мәселені құқықтық салада шешуді ұсынды. Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған “Жайсаң” тұрғын үй кешені сүрілетін болатын. Бұл нысан Наурызбай ауданындағы “Ақжар” шағынауданында салынған.