Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи және Баку қалаларына ресми сапармен барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. “Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды”, – делінген хабарламада. Сонымен қатар, 24 тамызда мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.