Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев 15 маусымда “Ташяпы” серіктестігімен әріптестік туралы меморандумға қол қойған. Келісімнің тақырыбы облыстың елді мекендері үшін жеңіл рельсті көліктің техникалық-экономикалық негіздемесін, жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және салу үшін ынтымақтастық пен серіктестік орнату болды”, – деді облыс әкімі. Еске салайық, аталған жоба аясында Талғар мен Қаскелеңде автотұрақ пайда болады. Онда Алматыға ЛРТ арқылы жету үшін көліктерді қалдыруға болады. Шілде айында түрік компаниясы техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріседі. ЛРТ ұзындығы 80 шақырым, ал Алматы мен Қонаевты қосқанда 150 шақырымдай болады. Бірінші кезеңде Талғар мен Алматы арасын жалғау жоспары бар. Қонаев – Алматы бағыты бойынша жоба екінші кезең болмақ.