Көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты.

«Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен қалалық көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Қ.Құдайбергенов және оның сыбайласы Б.Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған. Диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды. ҰҚТ-тың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, сот үкімі бойынша басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.