Дерекке сүйенсек, 39 жастағы ауылдық блогер әлеуметтік желіде Шелек ауылындағы емхана мен аурухана басшыларының бірі туралы жалған ақпарат таратқан. Хабарламада медицина қызметкері жергілікті тұрғындардың бірін ақшалай сыйақы үшін жұмысқа алғаны айтылған. Бұл ақпарат қоғамда резонанс тудырған. Кейін емхана жетекшісінің өзі ар-намысын қорғау туралы арызбен құқық қорғау және сот органдарына жүгінген. Сот жиналған материалды 4 мамырда қарады. Сот қаулысы бойынша күдікті кінәлі деп танылды. Блогер бұл жазбаны бұрынғы әйелінің өтінішімен жариялағанын алға тартып, кінәсін мойындамаған. Сот қаулысын орындау Шелек ПБ қызметкерлеріне жүктелген.