Елімізде соңғы 10 жылда 220 әскери қызметкер өз-өзіне қол салған

Әскери бөлімдерде әлімжеттіктің салдырынан сарбаздардың бірі арбаға таңылса, өзгесі табытпен оралып жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам жігіт әскерге шақырылады. Оның тек төрттен бірі сарбаз атанады. Бұдан жауынгер болудан жалтарып жүргендердің қатары тым көп екенін байқауға болады. Өйткені ата-ана әскер қатарына баланы сеніп тапсыра алмайды. Өміріне қауіп төнетінін түсінеді.