Қазанның бірінен бастап Алматы облысында карантин талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді көпшілік мәдени шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар мен отбасылық салтанатты жиын-тойларды өткізуге болады. Сауда орталықтары, мейрамханалар, моншалар, жаттығу залдары мен фитнес орталықтарының да шектеуі алынды. Бұдан былай аталған нысандар демалыс күндері де жұмыс істей алады. Сонымен қатар діни нысандар 30% толтырылыммен қызмет көрсетеді. Және қалааралық, ауданаралық жолаушы тасымалдау да қалпына келтірілді.