Жаңа министр қазақша сұраққа жауап бере алмады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап бере алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін мәжілісте Каспий теңізін қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі қаралды. Депутат Жанарбек Әшімжан баяндама жасаған жаңа министрге бірнеше сұрақ қойды және барлығына мемлекеттік тілде жауап беруді сұрады. Бірақ министр Брекешев өз ойын мемлекеттік тілде жеткізе алмайтынын айтты. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология министріне ескерту жасады.