Алматы облысы короновирус жұқтыру көрсеткіші бойынша республикада үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған соңғы тәулікте өңірдегі 24 тұрғыннан «COVID-19» ауруының белгілері анықталуы себеп болған. Сөйтіп аймақ эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі жағынан Нұр-Cұлтан және Алматы қаласынан кейінгі сатыға орналасты. Індет, әсіресе, Қарасай ауданында өршіп тұр. Онда бір күнде 16 адамның сырқаттанғаны белгілі болды. Одан кейінгі тізімде Балқаш және Іле, Талғар аудандары тұр. Облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше науқастардың 36 проценті 14 жасқа дейінгі балалар. Қалғаны ересек адамдар.